№7 «Шұғыла» бөбекжай-бақшасында АКП (ата-аналарға арналған консультациялық пункт) жұмысының жоспары бойынша логопед Қартабай Айдана үй жағдайында баланың сөйлеу тілін дамыту мақсатында 4 жастағы Серікбай Рамизбен «Баланың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында ойын-жаттығуын өткізді.

Міндеті: Баланың сөйлеу тілін түрлі дыбыстық карточкаларды пайдалану арқылы дыбыстарды дұрыс айтқызу, артикулациялық жаттығулар орындату арқылы дыбыстарды дұрыс қоюға баулу.


Құрметті, ата - аналар! №7 «Шұғыла» бөбекжай - бақшасы бойынша 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ата - аналарға арналған тегін консультациялық пункт жұмыс жасайды. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың үйде тәрбиелеп отырған, сондай - ақ балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Сіздер үшін есігіміз әрдайым ашық!


Атауы Жүктеу
1 АКП жұмысының жоспары