25 қыркүйек күні тәрбиеші Саламатова Кулайымның ұйымдастыруымен Тілдер мерекесіне орай «Тіл-татулық тірегім!» тақырыбында ортаңғы «Балдырған» тобы және ересек «Ботақан», «Құлыншақ» топ тәрбиешілері мен тәрбиеленушілер арасында топ аралық сайыс болып өтті. Сайыс 5 кезеннен тұрды. Әр топ өзін- өзі таныстыру, сұрақ жауап, мақал –мәтелдерді жатқа айту, өлең жолдарын жатқа айту, сурет арқылы әңгіме құрау сынды кезеңдерді өткерді. Әр топ жас ерекшелігіне қарай ойын тапсырмаларға қатысты. Нәтижесінде тәрбешілер арасынан озып шыққан «Ботақан» тобының тәрбиешілері: Сүлейменова Базаркул І орынды, Назгүл Тұрсынова ІІ орынды жеңіп алды. Ересек «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі: Талғатұлы Әсет І орын ДИПЛОМЫМЕН марапатталса, «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері: Доспол Айсұлтан ІІ орынды, Алдамжар Әселхан ІІІ орын ДИПЛОМДАРЫМЕН марапатталды.
Шара өз дәрежесінде өтіліп, балалардың сөздік қорын дамытуда ойын тапсырмалармен жарыса жауап бергендері қуантты.