28.12.2023ж
«Ботақан» тобы
Тәрбиешілер: Б.Сулейменова, Н.Тұрсынова
КМҚК «№7 «Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» бойынша ересек «Ботақан» тобында «Ғажайып Жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Мерекеге сиқырлы Лола келіп, шырша шамын жағып, мерекенің ажарын кіргізе түсті. Ертеңгілікте тәрбиешілер ертегі кейіпкерлеріне еніп, тәрбиеленушілермен бірге ән салып, би билеп, Аяз ата, Ақшақар, қоян, Ұлумен бірке ойындар ойнап, жақсы көңіл-күйде болды.
Жаңа жыл құтты болсын!