27.12.2023ж
Ортаңғы «Балдырған» тобы
Тәрбиешілер: Ахметова Райкүл, Үсенова Жанар
КМҚК «№7 «Шұғыла» бөбекжай-бақшасы» бойынша ортаңғы «Балдырған» тобында «Күт бізді Жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке аяз ата, ақшақар келіп, балалардың өнерлерін тамашалап сыйлықтар берді. Балалар «Шырша жыры», «Ақшақарлар» биі, «Сантаклаус» биілерін жақсы көңіл-күймен билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ескі қоян жылын шығарып салып, ұлу жылын қабылдап алды. Жаңа жыл әрбір отбасына жаңа шуақ, береке, қуаныш сыйласын. Жаңа жыл құтты болсын!