28 маусымда Қызылорда облыстық әдістемелік оқу орталығының ұйымдастыруымен «№7«Шұғыла» бөбекжай-бақшасының жазғы сауықтыру - шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдістемелік вебинар ұйымдастырылды. 90 нан астам педагог қатысқан вебинарда педагогтарымыз бүлдіршіндерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жазғы сауықтыру-шынықтыру шараларын қызықты ойындар арқылы жаңаша түрде ұйымдастыра білді. Түрлі бағыттағы онлайн режиміндегі ұсынылған жұмыстар балаларды жан-жақты дамытуға бағытталды. Бағдарламаға сәйкес бірінші болып музыка жетекшісі Р.Алдабергенованың 1."Болашақтың жұлдыздары" Тик-токерлер топтамасынан басталып, дене нұсқаушыс 2. Е.Жумахметовтың "Балдырған" ортаңғы топпен ұйымдастырған "Мерген алаңы" мини-боулинг ойынына ұласты. Дене қыздыру жатығуынан кейін. Асық ату ойынымен байланыстырылған мини боулинг балаларға бір ерекше көңіл күй сыйлады. 3."Ақылды балақайлар" атты "Ботақан" және "Құлыншақ" ересек топ балалары қатысты тәрбиеші Г.Рысмаханованың өткізген квест ойыны ата-аналармен бірлесе ұйымдастырылған жұмыс түрі болды. Бұл ойынға балалармен бірге қатысқан ата - аналар да, жүргізуші ретіде қатысқан ата-ана да балалық шаққа барып қайтқандай сезімде болса, Су патшасы Сүлейменнің "Алтын шарын" іздеп, түрлі кедергілерді жеңген балалар соңында бір - бірімен су шашып ойнағанда балалардың күлкісі аулаға ерекше бір сән берді. 4.Бөлме жылыжайынан басталған балалардың еңбегі даладағы жылыжайда өз нәтижесін берді. Бұл жұмыстың тәрбиешілер: Б.Сулейменова мен Н. Турсынова "Шұғыла" жылыжайы тақырыбында көрсетті. 5."Шынықсаң шымыр боларсың" тақырыбындағы тәрбиеші Ж.Үсенованың жұмысы Ригалық әдісін қолдана отырып кіші топ балаларын шынықтыруға бағытталды. 6.Педагог-психолог Л.Еримбетова "Көңілді бояулар" тақырыбындағы Мандала терапиясының мақсаты:балалардағы жағымды эмоцияналдыкөңіл күйді қалпына келтіру. Мұнда дәстүрден тыс ақ матаға алақан,саусақ табандарымен еркін түрде сурет салған балалар алған әсерлерімен бөлісті. 7.Логопед Т.Рахметтің "Бақа мен балапан" атты ертегі желісімен түсірілген жұмыс артикуляциялық жаттығу жасатуға бағытталды. 8."Алақай, жаз келді!" фото-видео есепте балалармен ұйымдастырылған жазғы енбек, қызықты ойындар мен түрлі күн, су, би, арт терапиялар және эксперименттік жұмыстар топтамасынан құралды. Балалар қызығатын заманауи жұмыс түрлерін өткізуге ат салысқан ата -аналарымыз бен ертегі кейіпкерлерінің киімдерін өз қолдарымен тіккен шебер әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Онлайн барысында МДҰ мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ұсынылған жұмыстарға жоғары баға берілді және педагогтарымызға Қызылорда облыстық оқу орталығының сертификаты табысталды. ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӘРІПТЕСТЕРІМІЗГЕ ТЫҢ ИДЕЯЛАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІЗ!!!