Бөбекжай-бақшамыздың жас маманы, дене нұсқаушысы Жұмахметов Ерқасымның ұйымдастыруымен "Балдырған" ортаңғы тобымен "Мергендер алаңы" (Боуллинг ойыны) жарысын өткізді. Бұл ойында кішкентай бүлдіршіндеріміз шапшаңдыққа, ептілікке, дәлдікке, мергендікке үйренді. Ойын барысында балалар дене қыздыру, негізгі жаттығуларды жасап, ұлттық ойынымыз "Асық ату" ойыны арқылы
🎳🎳🎳"Боуллинг" ойынына ойыншылар іріктеліп алынды. Әрі қарай іріктеліп шыққан мергендеріміз "Мергендер алаңында" бақ сынады. Топтағы қалған балалар достарына 👏🏻👏🏻👏🏻жанкүйер болып, қолдау көрсетті. Ойынның шарты бойынша бес ойыншының ішінен жеңімпаз анықталып, 🏆🏅🥇🥈🥉кубок, алғыс хатпен ,ойынға қатысқан қалған ойыншыларымыз да алғыс хатпен марапатталды. Балалар ойынға қызыға да, қуана қатысып, белсенділік танытты.
Жас маман Жұмахметов Ерқасымға шығармашылық табыс тілейміз!






