Құттықтаймыз!

Жаңа оқу жылының тағы да бір жақсы жаңалығы, бөбекжай - бақша меңгерушісі Нурсеитова Гаухар Абдысалыққызы ҚР Оқу - Ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды.

Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік, жаңалыққа жаны құмар жаңашыл қасиеттеріңіздің арқасында бөбекжай - бақшамызды шебер басқарып келесіз. Өзіңізді іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде бағалап, құрмет тұтамыз. Әрқашан осы жігерлі, табанды қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!