Байқауға аудандар мен Қызылорда қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымның әдіскерлері қатысып, байқау ережесінде көсетілген кезеңдер бойынша жұмыстарын қорғады.

Байқау кезеңдері:

1. Әдіскердің Е - портфолиосы.

2. "Мен - әдіскермін", онлайн түрінде сұхбат алаңы.

3. "Әдістемелік шеберлік" бейнеролигі.

Сараптау қорытындысы бойынша бөбекжай - бақшамыздың әдіскері Мырзабекова Гүлсім Жұмаділлақызы "Ізденімпаз әдіскер" номинациясымен марапатталды.

Әріптесімізді марапатымен және бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой - беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.