Бүгін №7"Шұғыла" бөбекжай-бақшасында 25 қазан "Республика күні" мерекесіне орай әуез жетекшісі Р.Алдабергенованың ұйымдастыруымен "Туған жерім - менің Қазақстаным!" тақырыбында ертеңгілік болып өтті.
Мақсаты: балаларды Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімге баулу. Тәуелсіздікті сақтауға, еліне, жеріне деген сүйіспешілігін арттыру. Болашаққа сенімдерін қалыптастыру.
Ертеңгілікті ересек және ортаңғы топ бүлдіршіндері Еліміздің Әнұранымен бастап, Отан туралы ән-жырларын айтып, билесе, кіші топ бүлдіршіндері жалаушаларын желбіретіп, аға-тәтелерін қошеметтеп, қол шапалақтап, ертеңгіліктің сәнін келтірді.
Республика күні құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻
Балаларымыздың болашағы зор, жарқын болсын! Еліміздің көгінде көк байрағымыз желбірей берсін!
https://shugula-akkum.testim.kz/kz/zhanaly-tar/107-b-gin-7-sh-yla-b-bekzhaj-ba-shasynda-25-azan-respublika-k-ni-merekesine-oraj-uez-zhetekshisi-r-aldabergenovany-jymdastyruymen-tu-an-zherim-meni-aza-stanym-ta-yrybynda-erte-gilik-bolyp-tti.html#sigFreeIdbce15fec7f






