Қазақстан Республикасы Конституциясының күніне орай «АТА ЗАҢ –ЕЛДІГІМІЗДІҢ ЕҢСЕСІ» атты мерекелік шара болып өтті. Ересек «Ботақан», ересек «Құлыншақ» топтарының тәрбиеленушілері қатысып, Ата заң Конституция күніне арналған жыр шумақтарын ортаға салды. Ортада ән ұраны шырқалды, еліміздің рәміздері көрсетіліп, Конституция сипаты, маңызы туралы түсінік берілді.