Құттықтаймыз! 5 қазан - Ұстаздар күні мерекесіне орай аудан әкімі Асқарбек Есжановтың Алғыс хатымен Нурсейтова Гаухар апай марапатталды! «Ұстаз - есімі әрқашан ұлағатты да өнеге боларлық есім. Кез келген қоғамдағы, барлық кезеңдегі ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да, ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, білім көшін алға жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымы, Өздеріңізді кәсіби төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!