Құттықтаймыз! 5-қазан «Ұстаздар» күні қарсаңында №7 "Шұғыла" бөбекжай-бақшасында" "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!" тақырыбында шара болып өтті. Бөбекжай-бақшаны бітіріп кеткен түлектер өз өнерлерімен ұстаздарын қуанта білді. "Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін КМҚК «№7 «Шұғыла» бөбекжай-бақша» педагогтары аудандық білім бөлімінің және Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен, бөбекжай-бақша ішілік Алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздерге шығармашылық пен толағай табыс тілейміз!