"№7 "Шұғыла" бөбекжай-бақшасында "26-қазан күні «Құлыншақ» тобында күз мезгіле арналған «Арайлы Алтын күз» тақырыбында ертеңгілік болып өтілді.

Мақсаты : Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. Зал мерекеге сай безендірілген .Әдемі ән ойналып тұрды . Бүлдіршіндер, тәрбиешімен бірге кіріп орындарына жайғасты. Балалардың қолдарында жапырақтар, түрлі-түсті шарлар болды. Мерекелік шара жаңа форматта ата аналардың ұйымдастыруымен өтті. Орманшы атамен бірге жапырақтарды жинап еңбектенеді. «Саңырауқұлақтар», «Қолшатыр» биі, «Күз тамаша» әндері орындалды. Ата-аналар көкөністерден әр түрлі қолдан жасалған көрмелерімен таныстырды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтілді.