№7 "Шұғыла" бөбекжай-бақшасының жылдық жоспарына сәйкес 24.01.2024 жылы Қабілет шығармашылық тобының ұйымдастыруымен "Асыл мұра - қазынам" тақырыбында семинар практикум болып өтті.
Мақсаты: өзара іс-тәжірибемен бөлісу. Қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санамен, ұлттық психология қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеу.
Келген қонақтармен додекоэдр әдісімен амандасып алып. "Бір бауырсақ - бір мақал" айдары бойынша қабылдады.
Бөбекжай-бақшаның меңгерушісі Г.Нурсеитова ашып мақсат, міндеттерін айтты. Қабілет шығармашылық топқа сәттілік тіледі.
"Мен қандаймын, мен кіммін?" "Қабілет", "Зерде" шығармашылық тобының мүшелері арасында мотивациялық жаттығу болып өтті.
Бағдарлама
Ерте жас "Балапан" тобында "Төрт түлігім ырысым" кіріктірілген іс-әрекет. Тәрбиеші: Г.Көбекова.
Кіші "Қошақан" тобында "Асық - ұлттық құндылық" кіріктірілген іс-әрекет. Тәрбиеші: Г.Рысмаханова.
Ортаңғы "Балдырған" тобымен "Ойнайықта, ойлайық-шаттанайық, билейік" кіріктірілген іс-әрекет.
Әуез жетекшісі: Р.Алдабергенова.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:Е.Жұмахметов.
Ересек "Құлыншақ" тобында "Ұлттық құндылық - қазына" кіріктірілген іс-әрекет.
Тәрбиеші: К.Саламатова
Ересек "Ботақан" тобында "Ғажайып киіз үй" кіріктірілген іс-әрекет. Тәрбиеші: Р.Құрманбаева.
Ортаңғы "Балдырған" тобымен "Менің досым" ерекше баламен жұмыс. Педагог-психолог: Л.Ерімбетова.
Бөбекжай-бақшаішілік семинар практикум жоғары деңгейде өтілді.