14 наурыз – «Көрісу күні» мейрамы бөбекжай-бақшамыз үшін ерекше болды.Бүлдіршіндеріміздің әкелері бөбекжай-бақшамызға қонаққа келді. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектеп те бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманға лайыты етіп ұштастыра білу маңызды. Бүгінгі «Әке –асқар тауым» тақырыбында бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Г.Нурсеитованың өткізген тренингі осы бағытта болды.
Мақсаты
бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру. Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңірудегі бөбекжай-бақшамен әкелер мектебінің өзара байланысын, қарым - қатынасын нығайту.
Дөңгелек үстел барысында бала тәрбиесіндегі әкенің ролі сөз болды. «Әкенің орны бір бөлек» бейнеслайды көрсетіліп,ұлттық құндылықтарға байланысты әкелеріміз ой-пікірлерімен бөлісті. Бүлдіршіндердің өз қолдарымен салған суреттерін көріп, тілі тәтті балапандардың әкелері туралы айтқан сөздерін экраннан тыңдаған әкелеріміз өз ризашылықтарын білдірді. Ал бүлдіршіндер «Әке мен сені жақсы көрем» деп құшақтап, арнайы жасаған бойтұмарларын таққан сәтте әкелеріміз толғаныстарын жасыра алмады.
Алдағы уақытта да мектепке дейінгі ұйыммен ата-аналардың қарым-қатынасын үйлестіру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатындағы ұйымдастырылған жұмыстар жалғасын табатын болады.
View the embedded image gallery online at:
https://shugula-akkum.testim.kz/kz/zhanaly-tar/163-14-nauryz-k-risu-k-ni-mejramy-b-bekzhaj-ba-shamyz-shin-erekshe-boldy.html#sigFreeIdc7a64d6a0f
https://shugula-akkum.testim.kz/kz/zhanaly-tar/163-14-nauryz-k-risu-k-ni-mejramy-b-bekzhaj-ba-shamyz-shin-erekshe-boldy.html#sigFreeIdc7a64d6a0f






