Әуез жетекшісі: Р.Алдабергенованың 1-мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай ұйымдастырылған "Достығымыз жарасқан" атты "Құлыншақ" тобы, "Ботақан" тобы, "Балдырған" тобының тәрбиеленушілерімен мерекелік шара өтті. Қазақстан халқының бірлігі күні туралы баларға ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерін таныстырып олармен тату достық қарым- қатынас орнату. Балалар ертеңгілікте орыс халқының, өзбек халқының билерін билеп достық туралы ән айтып тақпақтар орындады және бейбітшілік символы көгершіннің құрметіне Көгершіндер биін билеп хормен әндер орындап ойындар ойнады.