Құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл–ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп атап өтіп, ананы қорғау - мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым бағыты екендігін айқындап берді" деген аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ауданымызда аналар қауымын бір ұйымға біріктіріп, аналарымыздың қоғамға белсене араласуына жағдай жасап, ұлттық құндылықтарымыз бен салт - дәстүрлерімізді ұлықтап жүрген аудандық Аналар кеңесінің орны әрқашан да ерекше екенін де атап өтті.
Мұнан соң аудандық "Жалағаш достық мекені" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, білім саласының ардагері Дина Мирман, ақын-сазгер Айкүміс Орынбаева, аудандық кәсіподақ төрайымы Гүлзат Құрманбаева сөз алып, мерекелер тізіміне енген "Аналар күнінің" маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шара соңында аудандық аналар кеңесінің мүшелері мерекелік ән шашуын арнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.






