Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық: бала дамуының үздіксіз білім беру жүйесін құру мақсатында

№7 "Шұғыла" бөбекжай-бақшасының тәрбиешілері мен Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімдерімен бірлесе отырып дөңгелек үстел кездесу ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел пікірталас барысында мектепалды даярлық тобының мұғалімі Б.Асарова балабақша тәрбиешілері мен мектепалды даярлық тобының мұғалімдерінің арасындағы бірлескен жұмыс түрлерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

Балабақша тәрбиешілері Р.Ахметова мен Н.Тұрсынова ата-анамен жұмыс түрлерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Пікірталас соңында педагогтар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтып, "Мектеппен сабақтастықты" нығайтуға ой бөлісті.