Жоспарға сай бөбекжай - бақшамызда "Құлыншақ" ересек тобының тәрбиешілері Г. Мырзабекова, Ж Үсеновалардың ұйымдастыруымен ата - аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында балалардың даму ерекшеліктері, тәрбие және оқу үрдісі талқыланып,алдағы жоспарлармен танысты.
Ата - аналар тарапынан түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылып, балалардың дамуына қатысты маңызды мәселелер қаралды. Ата-аналармен ырғақты жаттығу арқылы "Танысу", "Біз суретшіміз", "Суреттер сөйлейді" ойындары ойнатылып, психолог Л. Ерімбетованың "Әуендер және ойындар" лайфхагымен жалғастырылды. Логопед маман А. Қартабай "Сөз тіркестерін жалға" ойынын ойнатты. Жиналыс соңында ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін жүрекшелерге жазып, "Тілек ағашына" орналастырды.







