"Бала - байлық, бақытың.
Баға жетпес жақұтың!"
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев биылғы 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады және 1 маусым "Балаларды қорғау күні" мерекесіне орай бөбекжай- бақшамызда "Біз бақытты балдырған!" атты мерекелік шара болып өтті.
Ашық аспан астында өткен мерекелік шараны бөбекжай-бақшамыздың өнерпаздары Асылхан Томирис пен Ғабит Айбибі "Бал - бала" әнімен ашты. "Мен қазақтың қызымын" әнін Ордабай Гүлсезім, Қуантай Кәусар "Біз өмірдің гүліміз", Марат Нұрислам "Сағындым әже" әнімен жалғастырды. "Құлыншақ" ересек тобының биші қыздары "Сәуле шырақтары", "Балдырған" биін билеп, "Ботақан" ересек тобының тәрбиеленушілері "Үйшік" ертегісін сахналады.
Әрі қарай "Менің сүйікті жануарым" атты фото-селфи байқауының жеңімпаздары марапатталып, түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Шара барысында тәрбиешілер "Тантамареска" бас-аяқ театрымен "Түлкінің туған күні" ертегісін қойып, Томпақ, сайқымазақ, сайқымазақтың достары балалардың көңілдерін көтеріп, қуанышқа бөледі.
Мерекелік шарада "Бар жақсылық балаға" акциясы ұйымдастырылып, ауылымыздағы "Жансая", "НҰР" жеке кәсіпкерлер мен Аққұм ауылдық әкімшілігі, ауылдық клуб үйі ұжымы балаларға тәттілер мен шырын сулар, балмұздақ тарту етсе, "Аққұм-Жер" ЖШС мен "Бірлік" шаруа қожалығы балалардың тамағы үшін 50 кг-нан күріш және қаржылай сый-сияпат жасады.
Үлкендердің құрметі мен ілтипатына бөленген бүлдіршіндеріміздің қуанышында шек болмады.
Балаларымызға бақытты балалық шақ, жарқын болашақ, бейбіт өмір тілейміз!
https://shugula-akkum.testim.kz/kz/zhanaly-tar/88-1-mausym-balalar-k-ni.html#sigFreeId93b5911e24






